'Балапан ТВ Kazakhstan Kids Fashion Show 2016 ұсынады'

'Балапан ТВ Kazakhstan Kids Fashion Show 2016 ұсынады'
01:50 Apr 17, 2021
'Биыл Kazakhstan kids fashion show 2016 жобасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жыл толуына орай #kids #teens #family #happiness атты төрт басыңқы кілтті сөздерді ұран етті. Бұл мега-жобаның кезекте төртінші рет өткізіліп отырған жайы бар. Қызмет көрсетіп, барлық ұйымдастырушылық кезеңдерді Friends media group ЖШ ұйымы жауапкершілік танытып отыр. Kazakhstan kids fashion show бұл ең біріншіден, қойылымның сәні мен әні болатын 4 пен 17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер, стилистика және визаж жасаудағы мамандар, фотографтар мен режиссерлер, басты тұлғалар – дизайнерлер мен бір топ хореографтар, сонымен қатар, сахналық дефиле қоюшы маманы жиналатын шығармашылық орта немесе алаң деп те атауға болады. Осындай ауқымды топтың бірлесе жасаған үш айлық жемісін қарашаның 19 – жұлдызында, Елордамыздың хақ төріндегі Тәуелсіздік сарайында тамашалай аласыздар. Келіңіздер! Көріңіздер! Қапы қалмаңыздар!  Қызу дайындық үстіндегі балаларымыздың жұмысын көрем десеңіздер, келесі бейне-материалға көз салыңыздар:  Бейне материалды дайындап, ұсынған «Балапан»теларнасына алғысымыз шексіз!' 
See also:

comments

Characters